
Алматы облысының орталығында «Таза Қазақстан» жобасы аясындағы жұмыстар жалғасуда.
Бүгін 8 пәтер иелері кооперативінің ықпалымен 100-ге жуық тұрғын сенбілікке шықты. Олар қураған шөпті орып, 80 ауланы тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартты.
«Таза Қазақстан» жобасын қолдаймыз. Сенбіліктер қалада жиі ұйымдастырылып тұрады. Барлығына бірдей қатысуға тырысамыз. Тұрғындар мен қонақтарды тазалық сақтауға шақырамын», - деді Наташа Ивановна.
Сенбілік нәтижесінде 6 тонна қоқыс шығарылды.
Еске сала кетейік, Телеграмда «TazaQazBot» боты іске қосылды. Халық қоқыс, жол, абаттандыру мәселелері бойынша өтініштерін осы жүйе арқылы қалдыра алады. Сілтеме Stories-те көрсетілген.