2024 жылдың тамыз айынан бастап Қонаев қаласында аз қамтылған отбасыларды қолдау мақсатында "Мейірім" акциясы өткізіліп келеді. Мемлекет басшысы қасым-Жомарт Тоқаев науқанның маңыздылығына баға беріп, осы тәжірибені еліміздің барлық өңірлеріне таратуды тапсырды. Акцияның негізгі мақсаты-ірі өндірушілердің, кәсіпкерлердің, шаруа қожалықтарының тәлімгерлерін бекіту, оларды одан әрі қолдау көмек көрсету.
Осы іс-шараға қатысқан барлық азаматтарға, іскер адамдарға және мемлекеттік қоғамдық ұйымдардың өкілдеріне алғысымызды білдіреміз.Жүрегімізде жылулық, жанымызда мейірім болмасын. Осы игі шараның арқасында қаржылай көмек 40 азаматтың есепшотына аударылады.
Қайырымдылық акциясы үнемі өткізіліп тұрады. Осылайша, жыл басынан бері 1 мыңға жуық аз қамтылған отбасыға көмек көрсетілді. Патронаттық ұйымдар балаларға барады және олардың өміріне жан-жақты қатысады.Жуық аз қамтылған отбасыларды анықтау және тіркеу, және көмек ретінде олардың шоттарды толтыру жұмыстары жалғасуда.