«Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және «Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 03 шілдедегі № 44 «Қатаң шектеулі карантиндік шараларды енгізу туралы» Қаулысына сәйкес,
Қазақстан Республикасында СOVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылық бойынша эпидемиологиялық жағдай туралы материалдарды қарап, оның ішінде Қапшағай қаласында СOVID-19 сырқаттанушылығы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қапшағай қаласының аумағында карантиндік шараларды күшейте отырып, карантинді жалғастыру. Карантиннің режимі мен мерзімі COVID-19 коронавирустық жұқпасының таралу жағдайының өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін.
- Қала/ауылдық округ әкімдеріне, "ҚР Ішкі істер министрлігі Алматы облысының полиция департаменті Қапшағай қаласының полиция басқармасы" ММ бастығына және қаланың басқа да жұмылдырылған қызметтеріне:
- Қалалық коммуналдық қызметтері мен инфрақұрылымдары (электр энергетикалық компаниялар, сумен жабдықтау/жылумен жабдықтау, өртке қарсы және авариялық-құтқару қызметтері, тұрғын үй қорын басқару саласындағы қызметтер (электриктер, сантехника, аулалар мен үй-жайларды жинау, авариялық қызмет, оның ішінде лифтілерге қызмет көрсету), көшелер мен үй-жайларды жинау, қоқыс пен қалдықтарды жинау, өңдеу және кәдеге жарату, дезинфекциялық қызметтер, жол қозғалысын реттеумен техникалық құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ұйымдар.
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 25-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим ұйымдастырылған өнеркәсіптік, өндірістік кәсіпорындар, құрылыс компанияларының (құрылыс салушалардың, ашық ауадағы құрылыс жұмыстарының.
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 2-қосымшасына сәйкес күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режим және аймаққа бөлу талаптарын сақтай отырып, меншік нысанына қарамастан медициналық ұйымдар (орталықтар).
- Ветеринариялық қызметтер, оның ішінде ветеринариялық және мал шаруашылығының жедел жәрдем қызметтері.
- Зертханалардың барлық түрлері.
- Супермаркеттер, азық-түлік дүкендері, оның ішінде көп пәтерлі тұрғын үйдегі, сауда-ойын-сауық орталықтарындағы дүкендер.
- Дәріханалар, оның ішінде ветеринарлық.
- Бұқаралық ақпарат құралдары.
- Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43 қаулысының 13-қосымшасына сәйкес жұмыс алгоритмін сақтай отырып, ауыл және балық шаруашылығы, мал шаруашылығы, ауыл-шаруашылық жұмыстарын жүргізетін ұйымдар мен жұмысшылар.
- Күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып және қалыпты жұмыс кестесімен автожанармай құю және автогаз құю станциялары.
- Сауда-логистикалық орталықтар, қоймалар, олардың жұмысын қамтамасыз ететін тұлғалар мен ұйымдар.
- Салттық қызмет көрсету нысандары, зираттар.
- Мемлекеттік басқарудың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін мемлекеттік, құқық қорғау және басқа да мамандандырылған органдар мен олардың ведомстволық бағыныстағы ұйымдары.
- Жолдар мен көпірлерге, оның ішінде темір жолдарға қызмет көрсету жөніндегі қызметтер.
- 2020 жылғы 25 шілдеден бастап 2020 жылғы 02 тамызға дейін санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілер, демалыс үйлері, жағалаудағы демалыс аймақтары, жағажайлар.
- Демалыс базаларының, Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауының жағажайларының, Қапшағай су қоймасының солтүстік жағалауының – "Алматы-демалыс" солтүстік жағалауының, қалалық жағажайдың аумағында, құрамында полиция қызметкерлері мен Қапшағай қаласы әкімдігінің өкілдері бар, санаториялық-курорттық мақсаттағы объектілердің, демалыс үйлерінің, жағалаудағы демалыс аймақтарының, жағажайлардың қызметін қалпына келтіру кезеңіне дейін ұтқыр бекеттер орнату.
- Қапшағай қаласының ведомствоаралық комиссиясы, Қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қапшағай қаласының аумағындағы эпидемиологиялық ахуалға және СОVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты өзге де қатаңдатушы шараларды қабылдауға құқылы.
- Шаруашылық субъектілерінің (объектілердің) басшыларына, барлық жеке және заңды тұлғаларға, олардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерге, меншік нысандары мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, осы қаулының және Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 шілде №214 қаулысының талаптарын қатаң орындау.
- Осы қаулы барлық мүдделі органдардың, ведомстволардың назарына жеткізілсін, халықты БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
- Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қапшағай қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің м.а. Л.Ролдугина