
Карантин кезеңінде Қапшағай қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік қызметкерлері коранавирус жұқпасының алдын алу үшін басқа адамның көмегіне мұқтаж қызмет алушыларға барып отырды және үнемі қоңырау шалып жағдайларын біліп тұрды. Қажет болған жағдайда дәрігерлерді үйге шақырту, медициналық мекемелерге апару, азық-түлік жеткізу, тамақ дайындау, гигиеналық процедураларды орындау, оларды жігерлендіру, көңіл-күйлерін көтеру, психологиялық қолдау көрсету сияқты қызметтерді атқарды. Бөлімшенің 9 әлеуметтік қызметкері 70 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетеді.
Жасы 60-тан асқан, яғни қарт адамдар, мүгедектер, әсіресе түрлі вирустық инфекцияға бейім адамдарға үйде болуға және көп адамдар жиналған жерге бармауға кеңес берілген. Сол себепті бөлімше қызметкерлері қала және ауылдық округтерде әлеуметтік қолдау мен медициналық көмекке мұқтаж жалғызбасты қарттар мен мүгедектерді анықтау жұмыстарын жүргізді. Қызметкерлерге жұмыс барысында барлық қәуіпсіздік шараларын сақтау ескертілген, сол себепті олар өз міндеттерін жауапкершілікпен атқарады және әрдайым мұқтаж адамдарға көмектесуге, оларды жылы сөзбен жұбатуға дайын.