
20-шағын аудан тұрғындары жұмыс күніне қарамастан, аулада сенбілік өткізді.
Тазалық шарасына 5 техника, 30 адам қатысып, 15 тонна қатты қалдық шығарылды.
«Қонаев қаласы әрдайым таза болуы тиіс деп санаймыз. Мұнда негізінен зейнеткерлер тұрады. Десе де, қолдан келгенше сенбіліктерді жиі ұйымдастыруға тырысамыз. «Таза Қазақстан» эконауқанының аясында Қапшағай су қоймасының маңы, аулалар тазаланып жатыр. Мұның өзі келер ұрпаққа үлгі боларлық шара», - деді тұрғын Нина Ивановна.