Мамандар субсидия беру қағидалары жайлы түсіндірді

Мамандар субсидия беру қағидалары жайлы түсіндірді

12 маусым күні ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру қызметтерінің құнын субсидиялау қағидаларына» өзгерістер енгізді.

Атап айтқанда, суармалы сумен жабдықтау қызметтерін сатып алу бойынша шығындарды трансферттік өтінімдер арқылы су берушілерге тікелей субсидиялар төлеу арқылы өтеуді көздейтін жаңа тетіктер әзірленді.

Өзгерістер ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге субсидиялардың келуін күтпей-ақ, сумен жабдықтаушыларға оларды алғаннан кейін айырмашылықты төлемей, суармалы сумен жабдықтау қызметтерін жеңілдетілген бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы мен Қонаев қаласы әкімдігінің мамандары бірлесе, Шеңгелді ауылының шаруаларымен кездесті. Кездесу барысында жоғарыда аталған субсидияны беру қағидаттары түсіндірілді.

Жалпы елдімекенде егістік алқабы 14 812 га құрайды. Жаңбырлатып және тамшылап суару әдісімен қамтылған аумақ – 796,4 га. Ауылдық округте 17 су беруші және 120-дан шаруашылық қызмет етеді. Сондай-ақ биыл субсидиялау жүйесінің порталына тіркелу қала әкімдігінің ерекше бақылауына алынды.

Бұл жиыннан соң шаһар басшысы Асхат Бердіханов Ақөзек ауылының тұрғындарымен басқосу өткізіп, ағымдағы мәселелерді талқылады.