
Домбыра – қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы. Қазақ пен домбыра егіз ұғым ғой! Күні кешеге дейін әр үйдің төрінде ілулі тұратын ұлттық аспабымыздың күмбірлеген үні бүгінде алыстап бара жатқандай еді. Алайда еліміздің тұңғыш президенті,елбасымыздың шешімімен шілденің бірінші жексенбісі Ұлттық домбыра күні болып жарияланды.
Жыл сайын атап өтілмек бұл мерекелік күннің ұлттық руханиятымызға қосар үлесі зор.
Биыл да осы бағыттан тайынбай қазақ елі Ұлттық домбыра күнін тойлады. 5 шілде күні Қапшағай қалалық мәдениет үйі мен Арна ауылдық клубының ұжымы бірлесіп «Киелі қазақтың –қара домбырасы» атты мерекелік арнайы видео-концертін әлеуметтік желі оқырмандарына ұсынды.
Аталған шараға өнерпаздар Құрманғазы Сағырбаев, Даулеткерей Шығайұлы, С.Тұрысбеков, Н.Тілендиев және т.б. атақты композиторлардың күйлері мен әндерін және халық әндерін орындап берді.
Сонау көне тарихтың күмбірін бүгінгі күнге жеткізген киелі де қасиетті Домбырамызды, өркениетті заманға сай жаңғырта білсек, келешек жастарға ұлттық тәрбие беретін өнеге бастауы, әрі рухани қазынасы анық болары белігі.
А.Бисенғалиева
Қапшағай қалалық мәдениет үйінің қызметкері