
Осыдан 22 жыл бұрын Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен мемлекет астанасы Алматыдан Сарыарқа төсіне көшірілді, деп хабарланған болатын.
Ол кезде Астана деген атау алған. Бүгінде Нұр-Сұлтан қаласы. Бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлықтау рәсімінен кейін Мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы шешімі болатын. 1999 жылы ЮНЕСКО елорданы «әлем қаласы» атады. 2012 жылы ТМД мен түркі әлемінің астанасы болып жарияланған. Ал күллі әлем үшін Нұр-Сұлтан қаласы Еуропа мен Азияны байланыстыратын тарихи орталық деп саналады.
Жыл сайын Елорда күніне орай еліміздің түкпір-түкіпірінде әр түрлі мәдени шаралар сән-салтанатымен өтетін. Алайда пандемияға байланысты осы жылы мәдени шаралар шағын, онлайн режимінде өткізілді. Сонымен қатар биыл Елбасы Н.Назарбаевтың 80 жылдық мерейтойы бірге тойланды.
Осыған орай Қапшағай қалалық, Шеңгелді ауылдық мәдениет үйлері, Арна ауылдық клубы ұжымы бірелсе отырып 6 шілде күні Елорда күніне орай онлайн видео-концерт дайындап, әлеуметтік желіде өткізді.
Видео-концертте әр мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық тақырыптағы әндерді шырқады.
Еліміз қиын заман мен індеттен өтіп, Елордамыз одан әрі көркейе берсын. Халқымыз аман болсын!