Қала әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлының Шеңгелді суару аумағына жұмыс сапары

Қала әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлының Шеңгелді суару аумағына жұмыс сапары

Бүгін қала әкімі Құматаев Нұрлан Орынбасарұлы ауыл шаруашылығы саласы бойынша Шеңгелді суару аумағына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында егістік жерлерді сонымен қатар, Ақөзек ауылындағы 120 гектар қант қызылшасын егумен айналысатын «Ақөзек» сервистік дайындау орталығының жұмысымен, кейін Кербұлақ ауылында 100 гектар жерге қант қызылшасын егкен «АгроСервисҚант» ЖШС-нің егістігін көрді. Одан әрі Сарыбұлақ ауылындағы №5 «Коксу»ЖШС –нің сорғы станциясының жұмысыментанысты.
Жұмыс сапары барысында мал шаруашылығы саласының жұмысымен де танысып, Шеңгелді ауылындағы 100 бас ірі қара малын бордақылауға арналған «БәйтерекАгроСервис» ЖШС-нің базасында көріп қайтты.
Аралау нәтижесі бойынша ауылдық округ әкімі С. Шенкебаевқа, ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы Г. Абылқасымоваға насостық станциялардың суару желілерін қалпына келтіру бойынша жобалық сметалық құжаттарды әзірлеп, жөндеу жұмыстарына қажетті ұсыныс беру тапсырылды.