Қонаевта медицина қызметкерлері күні тойланды

Қонаевта медицина қызметкерлері күні тойланды

Алматы облысының орталығында ақ халатты абзал жандардың кәсіби мерекесі тойланды. Салтанатты шараға қала әкімі Асхат Бердіханов арнайы қатысты.

«Әр мемлекеттің басты құндылықтарының бірі - ұлт денсаулығы. Осы орайда, күн-түн демей, халықтың денсаулығын сақтау жолында еңбек етіп жатқан ақ халаттылардың еңбегі ерекше екенін атап өткен жөн. Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында барлығы 700 адам нәтижелі қызмет атқаруда. Мұнда заманауи аппараттар алынып, жаңа үздік медициналық тәжірибе орталығы ашылған. Онымен қоса, ауылдық округтерде фельдшерлік-дәрігерлік пунктілер мен амбулаториялық емдеу орындары қолданысқа берілген. Ұлт денсаулығы – мемлекеттің күші! Баршаңызды кәсіби мереке - мединица қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!» – деді қала әкімі.

Сондай-ақ ол аталған салада ерен еңбек еткен мамандарды Алғыс хат және Құрмет грамотасымен марапаттады. Шара мерекелік бағдарламаға ұласты.