
Қонаев қаласының әкімі Асхат Ермекұлы Бердіхановтың, 2024 жылдың 30 мамырына жоспарланған кездесуі, 31 мамыр сағат 10.00-ге ауыстырылғандығын хабарлаймыз.
Кездесу қалалық Мәдениет үйінде өтеді.
Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді, және ұсыныстарыңызды осы Мәдениет үйінің және қалалық әкімдіктің ғимараттарында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/activities/population?lang=kk ) жіберулеріңізге болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, 2 қабатта қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
Қонаев қаласы әкімінің аппараты