Қонаевтағы жазғы лагерь күтімсіз қалған

Қонаевтағы жазғы лагерь күтімсіз қалған

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов «Күншуақ» жазғы балалар лагерінің жұмысымен танысты.

Бұл нысан 2012 жылы қолданысқа беріліп, қалалық білім бөлімінің иелігінде болған. Кейін 2018 жылдан балалар шығармашылық орталығының балансына өткен. Алайда, 2024 жылға дейін жөндеу көрмей, күтімсіз қалған.

Аталған мәселені естіген қала әкімі ТҮКШ бөліміне, «Жасыл қала Қонаев» мекемесіне, «Қонаев тұрғын үй» ЖШС басшылығына жөндеу жұмыстарын жүргізумен көмектесуді тапсырды.

«Шіріген ағаш пен шөпті шабыңдар, воркаут орналастыруды қарастырыңдар, жөндеу жұмыстарын тездетіңдер. Лагерь өз деңгейінде қызмет етуі қажет. Биыл 600 баланы қамти алатындай жағдай жасап беруіміз керек. Керек болса, қона жатып істеңдер», – деді Асхат Бердіханов.

Сонымен қатар шаһар басшысы солтүстік жағалауда қызмет ететін барлық кәсіпкерге дайындықты жандандыру туралы хат жолдауды тапсырды. Бейнебақылау камераларын орнату, көше жарығы, интернет желісі түйткілін де тарқату қажет екенін айтты.