Қонаевтағы жағажайды абаттандыру: мәселе қалай шешіледі?

Қонаевтағы жағажайды абаттандыру: мәселе қалай шешіледі?

Қонаевта мемлекет меншігіндегі бірнеше қалалық жағажай бар. Соның бірі 6-7-жағажайлар. Қазір мұнда 42 кәсіпкер мекемеден бизнес орындарын жалға алып қызмет етуде.

Былтыр қаланың Бас жоспары бекітілді. Аталған құжатқа сәйкес, жағалаулардың барлығы бірыңғай дизайн кодқа сай абаттандырылуы, жаңартылуы тиіс.

«Шомылу маусымына дайындық басталғанымен, әлі де қираған шатырлар мен тапшандар көп. Бұл – туристердің өміріне қауіпті. Біріншіден осы мәселені шешу мақсатында, екіншіден бірегей сәулеттік келбет жасап, демалушыларды тарту мақсатында жоба әзірледік», – деді ТҮКШ бөлімінің басшысы Дархан Қарағонысов.

Сөзінше, мысал ретінде 5-жағажайды алуға болады. Онда спортпен айналысу, демалу, ойын ойнау, күннен қорғану, шомылу үшін бар жағдай қарастырылған.

«42 кәсіпкерге төмен пайызды жеңілдетілген несие алып, бизнес орындарын өздері салуға мүмкіндік беріп отырмыз. Биылғы келісімшарт 3 жылға дейін ұзартылады. Әкімдік тарапынан жол жасау, абаттандыру сияқты жұмыстар жасалады. Жылына 1 млн-нан астам турист келетінін ескерсек, бұл - екі тарапқа да оңтайлы шешім. Келіспеген жағдайда келісімшарт бұзылып, нысан инвестициялық қаржыға салынады», – деді бөлім басшысы.

Аталған мәселе шешілмейінше, күн тәртібінен түспейді.