
Бүгін қала әкімі Асхат Бердіханов «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысқан бірлестіктерді, коммуналдық қызмет ұжымын, пәтер иелері кооперативтеріне Алғыс хат табыстады. Жиында «Ең таза аула», «Ең үздік мекеме», «Ең таза ауылдық округ», «Белсенді ұжым» номинациялары бойынша да сый-сияпаттар берілді.
Сондай-ақ шаһар басшысы эконауқан барысында атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті. Айтуынша, акцияға 22830 адам қатысып, 2251 ағаш егілді. 15 тарихи-мәдени ескерткіштердің айналысына тазарту жұмыстары жүргізілді.
Өз кезегінде жиналысқа қатысушылар табиғатты аялауға шақыратын шараларды көптеп ұйымдастыру жайлы ұсыныс білдірді.