Қонаевта безгек масаларына қарсы өңдеудің 2-кезеңі басталды

Қонаевта безгек масаларына қарсы өңдеудің 2-кезеңі басталды

Қонаев қаласының аумағында орналасқан жалпы ауданы 70,0 га болатын 60 анофелогенді су қоймалары бар. Және мұнда безгек масалары өте көп шоғырланған.

Осыған байланысты мемлекеттік тапсырыс аясында 2024 жылы 13 мамырдан бастап 17 мамыр аралығында Қонаев қаласындағы анофелогенді су қоймаларын безгекке қарсы өңдеудің екінші кезеңі өтіп жатыр. Бұл уақыт аралығында, мал, құс жаюға тыйым салынған.

Бұдан бөлек, ТҮКШ бөлімі тұрғын үйлердің жертөлесін масаға қарсы өңдеуде.