
"Таза өлке" экоакциясы аясында ұйымдастырылған сенбілікке Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев бастаған мемлекеттік қызметшілер, білім беру мекемелері, коммуналдық қызмет көрсетуші компания өкілдері, тұрғындар қатысты.
Өздеріңізге мәлім, шаһардағы аялдамаларда түрлі жарнамалар ілініп тұратын, олардың барлығы бүгін тазаланды. Сонымен қатар қалалық жағажайлар, көшелер мен аулалар қоқыстан тазартылып, 900 ағаш егілді.