Қонаев қаласының террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылары мен персоналы үшін түсіндіру-алдын алу жұмыстары жүргізілді

Қонаев қаласының террористік тұрғыдан осал объектілерінің басшылары мен персоналы үшін түсіндіру-алдын алу жұмыстары жүргізілді

«Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5, 7, 9, 10-1, 10-3 баптарына, «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі №234 қаулысына негізінде, Алматы облысы полиция департаментінің террористік тұрғыдан осал объектілердің басшыларына түсіндіру-профилактикалық жұмыстарды жүргізу бойынша 2024 жылға бекітілген кестесіне сәйкес 2024 жылғы 10 сәуір                 сағат 11.00-де Қонаев қаласының террористік тұрғыдан осал объектілердің бірінші басшылары мен жауапты тұлғаларымен Қонаев қаласы Жамбыл көшесі №13/1 мекенжайында орналасқан мәдениет үйінің залында түсіндіру-профилактикалық жұмыстары бойынша жиналыс өткізілді.

Түсіндіру-профилактикалық жұмыстар бойынша жиналысты Алматы облысы Полиция департаменті Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Мади  Зейнелұлы Құсайынов, Алматы облысы Полиция департаменті  Күзет қызметін бақылау бөлімінің аға инспекторы Алмат Жантөреұлы Ағыбаев, Қонаев қаласы терроризмге қарсы комиссиясы аппаратының басшысы Дәурен Серікұлы Майсабеков жүргізді.

Сонымен қатар жиналысқа Алматы облысының және Қонаев қаласының құқық қорғау органдарының, жергілікті және орталық атқарушы органдардың аумақтық департаменттері мен басқармаларының, Қонаев қаласының террористік тұрғыдан осал объектілердің бірінші басшылары мен жауапты тұлғалары қатысты. Жиналыс барысында өзекті мәселелер талқыланып, нормативтік-құқықтық актілердің талаптары жеткізілді.