
Кедейлік шегі – мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін айқындау үшін өлшемшарт ретінде белгіленетін, бір адамға шаққандағы ақшалай кірістің шекті ең төмен шамасы.
2024 жылдың II тоқсанына Алматы облысы бойынша күнкөріс деңгейі 49 873,0 теңгені құрайды.
Атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін есептеу үшін кедейлік шегі 34911,0 теңгені құрайды.
Осыған байланысты бұл көрсеткіштер 2024 жылдың екінші тоқсанына арналған мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмектің тағайындалуын есептеу үшін негіз болады.