ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Өздеріңізге мәлім, қазіргі таңда қалада құрылыс қарқынды жүріп жатыр. Атап айтқанда, 8-10 шағын аудандардың жолы күрделі жөндеуден өтіп, ойық-шұңқырлы жолдарға жаңа асфальт төселуде. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Жансұлтан Оңалбаев құрылыс барысын тексеріп шықты.

Ол нысандарды аралау барысында барлық жұмыстар өз деңгейінде атқарылып, сапалы болуы керек екенін ескертті. Сондай-ақ көшпелі жиында қаланың кешенді даму жоспарына сәйкес қолға алынған жобалар туралы талқыланды.