ҚОНАЕВТА МАСАЛАРҒА ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

ҚОНАЕВТА МАСАЛАРҒА ҚАРСЫ ӨҢДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

Қонаев қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасы анафелогенді су қоймаларында безгек масаларына қарсы өңдеудің 1-кезеңін бастады.

Басқарманың мәліметінше, өңдеу үшін Қазақстанда рұқсат етілген дәрілік заттар қолданылуда. Аталған шара энтомологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Бұл бағыттағы шаралар алдын ала белгіленген жоспарға сәйкес өтеді.