
Сотталғандар арасында қайталантатын қылмыстың жасалуының алдын - алудың негізгі әдістерінің бірі тұрғылықты жері бойынша тексеру және сотталғандармен ғана емес, сонымен бірге олардың туыстарымен, сотталғандарға жағымды әсер ететін адамдармен сөйлесу жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің нұсқауларына сәйкес, сондай-ақ пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс –қимылының тиімділігін арттыру мақсатында пробация қызметтерінде тіркелген адамдардың жаңа құқық бұзушылықтардың алдын - алу мақсатында 2020 жылдың 15-20 маусым аралығында Республикада «Условник» жедел алдын - алу шарасы өтеді.
Бұл шара тоқсан сайын республика бойынша өткізіледі.
Айнымалы уақыт ішінде және «Условник» атты шара кезінде пробация қызметімен төрт сотталғандарға қатысты жеке бастарын «қамаққа» алумен іздестіру жарияланды, олар: А. Абитов, Е. Емлс, И. Окасов, К. Вуколов.
Сондай-ақ, бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу мерзімін қасақана бұзғандықтары үшін А. Жаканов және К. Желтобрюх екі сотталғанға бас бостандығын шектеу жазасынан қалған бөліктері Қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздіктегі мекемелерінде өтеуге жолданды.
Бұдан әрі, Қапшағай қалалық пробация қызметі АПШ кезінде екі сотталушыны жұмысқа орналастырды: жеке кәсіпкер «Есентемировке» Манахов В., жеке шаруашылық серіктестігі «Капшагай Көркейтуге» Тарнакин П.
Қапшағай қалалық
пробация қызметінің
бөлімінің аға инспекторы
әділет капитаны
М.М. Мейранова