
19 наурыз - Жаңару күні. “Жаңару” күні барша азаматтарды ортақ мақсаттарға жету жолында бірігуге және ынтымақта болуға үндейді. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.
Наурызнаманың онкүндігіне сәйкес, бүгін Қонаевта жалпықалалық сенбілік өтті. Эконауқанға қатысушылар аулалар мен көше бойына 1 300 ағаш екті, ағаштардың діңі әктеліп, мекемелердің аумағы, көше мен жолдар қоқыстан тазартылды.