
Мейрамға байланысты қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері 20 адамға мерекелік себет табыстады. Шара "Наурыз шапағаты" акциясының аясында ұйымдастырылды. Сый-сияпатпен мүмкіндігі шектеулі жандар және әлеуметтік осал топ мүшелері қамтылды. Шара ары қарай да жалғасын табады.