📌 Былтыр қонаевтық дәрігерлер инсультпен түскен 131 науқасты аман алып қалды

📌 Былтыр қонаевтық дәрігерлер инсультпен түскен 131 науқасты аман алып қалды

✅Барлық тұрғынға ем МӘМС аясында тегін жүргізілді. Тәжірибелі невропатолог дәрігері Гүлнар Бөпешбаеваның айтуынша, инсульт науқастарды жиі ауыр зардаптарға әкеледі, оның өмір сүру сапасын айтарлықтай нашарлатады және мамандандырылған емдеуді, соның ішінде ұзақ және күрделі нейрореабилитацияны қажет етеді. Дәрігер жуырда Санкт-Петербург қаласында арнайы оқуды аяқтап, неврологиялық аурулары бар науқастарды емдеуде алған білімін дәрігерлік тәжірибесінде сәтті қолдануда.

⚜️Дәрігерлердің айтуынша, инсульттің пайда болуы қаупін айтарлықтай төмендету үшін қан қысымын күнделікті бақылау жеткілікті, ал созылмалы аурулар болса, анда-санда емес, үнемі дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектерді қабылдауды ұмытпау қажет. Ал, егер, инсульттың белгілері пайда болса, мүмкіндігінше,тезірек медициналық көмекке жүгіну қажет.