
Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қонаев қаласындағы «Жібек жолы» қазақстандық коммерциялық инвестициялық компаниясының суару жүйелерін шығаратын зауытында және Шеңгелді массивіндегі сорғы станцияларында барды.
Іс-сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов «Жібек жолы» серіктестігінің бір кездері қараусыз қалған өнеркәсіп алаңына 10 миллион доллардан астам инвестиция құйғанын, бүгінде мұндағы құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары аяқталғанын айтты.
"Қазір шикізатты күтіп жатырмыз, Қытайдан келе салысымен өндіріске бірден кірісеміз. Тамшылатып суаруға арналған таспалардың бағасына келетін болсақ, бірінші жылы бір метрдің құны 15 теңге болады, құрамдас бөліктермен қамтамасыз ету жақсарып, айтарлықтай көтерме деңгейге жеткен кезде баға төмендейді. Біз сапаны қадағалаймыз, сондықтан барлық өнімдер сараптамадан өтеді", - деді компания директоры Анна Ви.
Шеңгелдіде министрлерге облыстың суару желілерін қайта жаңғырту жұмыстарының барысы баяндалды. Облыстық құрылыс басқармасының басшысы Сапар Нұрашев бүгінде жеті жоба бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады.