Қала әкімінің орынбасары М. Жолдахметтің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында семинар-кеңес өткізілді

Қала әкімінің орынбасары М. Жолдахметтің төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында семинар-кеңес өткізілді

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы облысы бойынша департаментінің 2024 жылғы 12 қаңтардағы № 06/72-И  хатында берілген Әдеп жөніндегі кеңестің  2024 жылғы 10 қаңтардағы № 1-8 шешімінде аталып кеткен мәселелерді қарастыру мақсатында Қонаев қаласы әкімі аппаратының мәжіліс халында 2024 жылдың 24 қаңтарда сағат 09.00 да  Қонаев қаласы әкімінің орынбасары М. Жолдахметтің төрағалымен семинар-кеңес өткізілді. Жиналыс барысында «Мемлекеттік қызметкерлерді бағалау үрдісі», «Е-қызмет базасымен жұмыс істеу», «Тәртіптік жазаға салынған қызметкерлердің жазаларын мерзімімен бұрын алу», «Бөлімдер арасында қызметтік және орындаушылық тәртіпті күшейту мәселесі» және «ҚР мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын және Әдеп кодексін сақтау мәселелері» талқыланды.