Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бизнесті қалай ұйымдастыруға болады

Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде бизнесті қалай ұйымдастыруға болады

Қылмыстық  атқару жүйесі  аумағында кәсіп ашунеліктен тиімді?

 

(ҰЭМ 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығы).конкурс өткізбей сенімгерлік басқаруға берілген өндірістік үй-жайлардың болуы

 

 

1. Қолда бар мүмкіндіктерді ескере отырып, кәсіпкердің тегін үй-жайды өзі таңдау мүмкіндігі.2. Дабыл жүйесін орнатудың және күзет қызметкерлерін жалдауының қажетінің жоқтығы.3. Дайын инфрақұрылымның болуы.4.  Жұмыстан негізсіз кету, жұмысқа келмеу, кешігу  мүлдем болмайды.5. Білікті кадрларды іріктеу үшін жұмыспен қамту органдарына жүгінудің қажетінің жоқығы, мекеме әкімшілігі жұмысқа орналасқан мамандардың есебін жүргізіп, кәсіпкерге ұсынады.

 

  1. Арзан жұмыс күші, Қазақстан Республикасында белгіленген ең төменгі деңгейдегі жалақы. Ең төменгі еңбекақы төлеу кезінде сотталғандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндігіне байланысты экономикалық пайда;
  2. жалдау ақысының төмен болуы
  3. өндірістік үй-жайлардың, жұмыс істеп тұрған цехтардың болуы

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде бизнес ашу үшін сізге:

 

1. Аумақтық қылмыстық-атқару жүйесі басқармасының басшылығына хабарласып, жұмысқа орналастыруға жоспарланған сотталғандардың санын көрсете отырып, бизнес-жоспар ұсыну.2. Мекеме аумағындағы өзіңізге  қолайлы үй-жайды таңдаңыз.3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің аумақтық Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен (сенімгерлік басқару) шарт жасасу.4.Өндіріске қажетті құрал- жабдықты орнату.5. Мекеме әкімшілігімен бірлесіп жұмыс істейтін кадрларды іріктеуге. Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру ережесі

 

Сенімгерлік басқаруға объектіні беру:1. Сенімгерлік басқаруға объектіні тендер өткізбей беру объектіні сенімгерлікпен басқаруға беру туралы өтініштің негізінде жүзеге асырылады.2. Өтініш нысанның атауын, оның теңгерім ұстаушысын, сондай-ақ мынадай құжаттарды ұсына отырып, объектінің қажеттілігін негіздеуді көрсете отырып, еркін нысанда рәсімдеу:1) заңды тұлғалар үшін:– салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, куәліктің көшірмесі немесе көрсетілген құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі не болмаса , заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;– салыстыру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, құрылтай құжаттарының көшірмелері немесе осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері;– өтініш берілген күннен бастап, бір айдан кешіктірмей берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер;2) дара кәсiпкерлер үшiн: – жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелері;– салыстыру үшін түпнұсқасын немесе осы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін ұсына отырып, жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;– өтініш берген күнге дейін бір айдан ерте емес берілген салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер.3. Объектіні тендерге өткізбей тұрып, сенімгерлікке басқаруға беру үшін құрылтайшы өтінішін  он бес жұмыс күні ішінде қарайды.
4. Құрылтайшы алынған өтінімді үш жұмыс күні ішінде теңгерім ұстаушыға немесе басқару органына келісу үшін жібереді.5. Құрылтайшы тендерді өткiзбей, сенiмгерлiк басқаруға объектiнi беру немесе бермеу туралы өтiнiмдердің  нәтижесін  өтiнiш берушiге хатпен хабарлайды.6. Құрылтайшының басшысы өтініш берген күннен бастап жиырма жұмыс күнінен кешіктірмей объектіні сенімгерлік басқаруға беру кезінде сенімгерлікпен басқарушымен бірлесіп шартты жасасады.

  1. Шарттар шағын және орта бизнес субъектісінің қызмет түріне және мүдделілігіне қарай жасалады (сенімгерлік басқару шарты (бұдан әрі – СБШ) үй-жайды жалдау төлемінсіз беруді көздейді. Бұл ретте қолданыстағы заңнамаға сәйкес СБШ шартын жасасу кезінде таза табыстың (пайданың) емінде 50% - бөлігін төлеу жүзеге асырылады.
  2. Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу нақты жұмсалған коммуналдық қызметтерге, сондай– ақ атқаратын алаңына байланысты мемлекеттік мекеменің тарифтері бойынша жүзеге асырылады (электр энергиясы– 1 кВт үшін 34,80 теңге (есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша), жылу энергиясы-1 Гкл үшін 18 256,49 теңге (алынып отырған шаршы метіріне сәйкес). Тарифтер 2024 жылдың желтоқсан айындағы жағдай бойынша хабарландыру жарияланған кезде көрсетілген.

№14 мекемесінде бос еңбек алаңы жалпы 154,6  шаршы метрді құрайды (72 шаршы метр;72 шаршы метр;10,6 шаршы метр) немесе 72 шаршы метрден бөліп алу мүмкіндіктеріңіз бар.

Мекеде  800 жуық сотталған жұмыс істеуге жарамды .

Байланыс ақпараты:Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің №14 мекемесіТел:8-727-305-64-058-727-723-52-26WhatsApp 8-705-152-45-89