Қонаевта 3 500 «ақылды шам» орнатылады

Қонаевта 3 500 «ақылды шам» орнатылады

Қазіргі таңда қалада 1020 «ақылды шам» орнатылған.

Бұл шамдардың басқалардан ерекшелігі - орталықтандырылған жүйеде басқарылуы, тым қараңғы кезде жарық көбірек беріліп, таңғы 4.00-5.00 шамасында жарық берілуі бәсеңдейді. Сонымен қатар энергия үнемделіп пайдаланылады, шамдар автоматты түрде қосылып, өшіріледі.

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан Сейфуллин көшесінің бойына да «ақылды шамдар» қойылып жатыр.

2024 жылы қаржының бөлінуіне байланысты 3500 шам орналастыру жоспарланған. Алматы облысының ТҮКШ басқармасының басшысы Асхат Бердіханов жұмыстың қалай жүріп жатқанына байланысты жиын өткізді.

Қонаев қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі