
☑️Ауылдық жерлерде кадрлық әлеуетті арттыру мақсатында 2009 жылдан бастап Ұлттық экономика министрлігі «Дипломмен ауылға» жобасын іске асыруда.
🔜Аталмыш бағдарламаға келесі салалардағы мамандар қатыса алады: ▪️Денсаулық сақтау ▪️Білім ▪️Әлеуметтік қамсыздандыру ▪️Мәдениет ▪️Спорт ▪️Агроөнеркәсіптік кешен ▪️Ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері
🔜Әлеуметтік қолдау шаралары: ▪️100 АЕК (345 мың теңге) мөлшерінде біржолғы көтерме жәрдемақы төлеу ▪️Тұрғын үй сатып алуға жылдық кредит сомасынан 0,01% мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесімен 15 жылға 1500 АЕК-ке (5,2 млн.теңге) дейін бюджеттік кредит беру
✔️2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд. теңге сомасына көтерме жәрдемақы алды
✔️45 мыңнан астам маман тұрғын үй сатып алу үшін 142,5 млрд. теңге сомасына бюджеттік кредиттер алды
🔜2023 жыл ▪️3,6 мың маманға тұрғын үй сатып алу үшін 18,6 млрд. теңге қарастырылды ▪️Биылғы жылдың сәуір айынан бастап «Отбасы Банкі» жоба операторы болып тағайындалды. Бағдарлама цифрлық форматқа ауыстырылды. Өтінімдер Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында https://otbasybank.kz/programm-bank/ онлайн режимінде қабылданады. ❕Айта кетейік, ағымдағы жылы әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшеріне өзгерістер енгізілді. Мәселен, 2024 жылдан бастап аудан орталықтарына жұмыс істеуге келген мамандар үшін бюджеттік кредит көлемі 2 500 АЕК-ке (9,2 млн. теңге) дейін ұлғаяды немесе ауылдық елді мекендер үшін 2 000 АЕК-ке яғни 7,3 млн. теңгеге дейін өсетін болады.