Қонаевта Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Қонаевта Консультативтік-кеңесші органның отырысы өтті

Жиын Қонаев қаласы әкімінің орынбасары Сәуле Нұрсолтанованың төрағалығымен өтті. Сондай-ақ басқосуға Қонаев қаласы прокуроры Дінмұхамед Абдікерім, Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы Талғат Малтақбаев қатысты. Күн тәртібіне сәйкес, пробация қызметінің бақылау есебінде тұрған азаматтардың белгіленген квота бойынша жұмысқа орналасуы және оның барысында туындайтын мәселелері қаралды. Қонаев қаласы бойынша пробация қызметі бөлімінің бас инспекторы Диана Асимакунның сөзінше, биыл есептен 123 сотталған азамат шыққан, ал есепте бар адамдардың саны – 136. «Арнайы жолдама арқылы, яғни, өтініштерге сай, 22 сотталған азамат 51750 теңге біржолғы арнайы ақшалай көмек алды. Ал тұрақты жұмысқа 22 адам орналасты. Іс-шаралар жұмыссыз жүргендермен ары қарай жалғасады», - деді Диана Асимакун. Отырысқа қатысқан сотталған азаматтар мамандарға сұрақ қойып, тиісті жауаптарын алды. Кеңес қорытындысында Сәуле Қайырлықызы қалалық пробация қызметі бөлімінің басшысы Ботагөз Жетмековаға және мансап орталығының директоры Айгүл Сатыбалдиеваға: - пробация қызметінің бақылау есебінде тұрған азаматтарды жұмысқа орналастыру жұмыстарын бірлесе отырып жүргізуді; - олардың жұмысқа орналасуын қамтамасыз етуді және үнемі қадағалауды; - әр айдың 5-і күні атқарылған іс-шаралар туралы және туындаған проблемалық сұрақтар бойынша ақпаратты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жолдап отыруды тапсырды. Айта кетейік, Консультативтік-кеңесші орган - қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесумен, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастырумен айналысатын Қонаев әкімдігінің жанынан құрылған орган.