Қонаев қаласында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы тағайындалды

Қонаев қаласында мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы тағайындалды

Қонаев қаласы әкімінің өкімімен Бейдали Марк Бейдалиұлы "Бірыңғай тапсырыс беруші қызметі" ШЖҚ МКК басшысы болып тағайындалды. Ол 1964 жылдың 1 шілдесінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. С.М.Кирова ат. Қазақ университетін құқықтану, 1991 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясы жанындағы Нарық институтын қаржы және экономика, 1995 жылы Аризона Университетін, 2006 жылы Қ.Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық-техникалық университетін мұнай және газ кен орындарының инженері мамандығы бойынша тәмамдаған. Ғылыми атақтары - Экономика ғылымдарының кандидаты, Еуропалық университеттің іскерлік әкімшілендіру докторы. Еңбек өтілін ұста болып бастаған. Әр жылдары Қазақ КСР прокуратурасы кеңсесінің аға инспекторы, Алматы қалалық атқарушы комитетінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінде маман, Алматы қалалық әкімшілігі басшысы орынбасарының көмекшісі, Бостандық ауданы әкімінің орынбасары, Түркісіб ауданы әкімінің орынбасары, "Кегок" электр желілерін басқару жөніндегі қазақ компаниясы директорының жалпы мәселелер жөніндегі орынбасары, Алматы қалалық әділет департаментінің басшысы, Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі, Алматы қаласы Медеу ауданының әкімі және т.б. қызметтерде болған. Бұған дейін ҚР ТЖМ "Селденқорғау Құрылыс" ШЖҚ РМК директоры лауазымында болған.