Кеңес беру және ақпараттық жұмыстар

Кеңес беру және ақпараттық жұмыстар

Қонаев қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Қонаев  әкімдігінің жанындағы  Консультативтік-кеңесші орган отырысы аясына Алматы және Жетісу облысы бойынша  қылмыстық-атқару  жүйесі  департаментіне қарасты № 12 түзеу мекемесінде бас бостандығынан айыру орындарында сот шешімі бойынша жазасын өтеп жатқан азаматтарғаәлеуметтік-құқықтық көмек алу тәртібін түсіндіру, оны алуға жәрдемдесу, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

 Іс-шара өткізудің мақсаты ұзақ уақыт бойы түзеу мекемелерінде болған адамдар жазасын өтеу кезінде өздерінің мамандықтары бойынша  кәсіптік дағдылары мен еңбекке деген ынталарын жиі жоғалтады.

Сол себепті бас бостандығынан айыру орындарынан босатылуына  6 (алты ) ай немесе 1 (бір) жыл қалған азаматтарға жұмысқа орналасу туралы кеңестер және оларға заң аясында мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен мемлекеттік бағдарламар  туралы  ақпараттар берілді.

Сонымен қатар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін ең төменгі күн көріс деңгейі мөлшерінің бір еселік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып бір рет - 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленетін біржолғы әлеуметтік көмек туралы түсініктеме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында жазасын өтеп жатқан азаматтарғатуындаған сурақтары бойынша жеке-жеке жауап берілді.