
«Аманат» партиясы мен Халық банкі бірігіп «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында білікті мамандардың қатысуымен 2023 жылдың 21-22 қарашасында өткізілетін семинар-тренингке шақырамыз. Басталу уақыты сағат 10:00.
Мекен-жайы: Қонаев қаласы, Жамбыл даңғылы, ғимарат 13/1, Қонаев қаласының мәдениет үйі.
Сізде несие болса және банкрот деп жариялау туралы ақпарат алғыңыз келсе, қаржылық сауаттылығыңызды арттырғыңыз келсе, жеңілдікті несие алғыңыз келсе, сіз мемлекеттік бағдарламалар арқылы қаржыландырылатын кәсіпкер болсаңыз осы тренингке қатысыңыз!
Қосымша ақпаратты 87029605582 (Сәуле) телефоны арқылы алуға болады.