
2023 жылдың қазан айында Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Қонаев қаласы әкімдігінің жанындағы Консультативтік-кеңесші органның және Қонаев қаласы әкімдігінің жанындағы әлеуметтік әріптестік пен еңбек және әлеуметтік қатынастарды реттеу жөніндегі комиссия отырысы өткізілді.
Отырысқа Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Алматы облысының еңбек инспекциясы бойынша басқармасы бас мамандары мен Қонаев қаласы прокуратурасының аға прокуроры және «Аям», «Полимерметалл, «Производственная компания «Дорпласт – Инвест», «Бағашар мекен», «АННАР», «Пеноплекс РК», «Маревен Фуд Тянь – Шань», «Бидай өнімдері», «Қонаев су арнасы», «Агорфит Капшагай», «Тұрғын үй», "Бірыңғай тұтынушыға қызмет көрсету» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің өкілдері қатысты.
Отырыс барысында ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды,бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарын квоталау және «Электрондық еңбек биржасы» туралы (еңбек шартын жасасу) сұрақтары қарастырылды.
Отырыстың қорытындысы бойынша комиссия төрағасы 2024 жылға жоғарыда аталған санаттар бойынша азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін мекемелер мен кәсіпорындар тізімдерін қалыптастыру және белгіленген квота бойынша жұмысқа орналастыру, сонымен қатар «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталына бос жұмыс орындары және ізденушілер туралы ақпаратты күн сайын жаңартылып, деректер енгізілсін және жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасында электрондық еңбек келісім-шарттары жасалуына жәрдемдесу жұмыстары жалғастыру туралы тапсырмалар берілді.