
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 18 қарашадағы № 60 бұйрығына сәйкес Қонаев қаласы әкімі аппаратының мәжіліс залында 2023 жылғы 01 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасын, Әдеп кодексін сақтау мәселелері бойынша мемлекеттік қызметкерлермен семинар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында мемлекеттік қызметкерлердің қызмет барысында және қызметтен тыс жерлерде Әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтау, сонымен қатар сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу шараларын жүргізу және мемлекеттік органдар арасында қызметтік пен орындаушылық тәртіпті күшейту мәселелері талқыланды.