
Құрметті Кербұлақ ауылының тұрғындары!
Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев, ағымдағы жылдың 11 қазанда сағат 11.00-де Кербұлақ ауылының № 7 орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/virtual-reception/1?lang=kk ) жіберулеріңізге болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, №2 кабинетінде қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
Қонаев қаласы әкімінің аппараты