
2023 жылғы 20 қыркүйегінде Алматы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 10, 12, 14, 57 мекемелерінде Қонаев қаласы әкімдігінің жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтiк және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі Қонаев әкімдігінің жанындағы Консультативтік-кеңесші органның қатысуымен Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастамасымен «Ашық есік күні» өткізілді.
Алматы облысының Кәсіпкерлік және Индустриялды-инновациялық даму басқармасының бас маманы С. Абдрахманова, Жетісу облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының жетекші сарапшысы Л. Буторина, Алматы облысының Қонаев қаласы мен Іле, Жамбыл аудандарының кәсіпкерлер бөлімі мамандары, жеке кәсіпкерлер қатыстырылды.
«Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастыру мақсаты қылмыстық-атқару жүйе мекемесінде сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан азаматтар үшін түзеу мекемелерінде өндірістік кәсіорындарды дамыту арқылы жұмыс орнын ашу.
Іс-шара барысында Республикалық мемлекеттік кәсіпорын «Еңбек- жауғашты» директорының орынбасары Қуаныш Ерсинбекович Кемелов қатысушыларды «Медина», «Hamer», «ACW», «N&K», «Байтерек», «Капаров», «Қуаныш», «Мусин» жеке кәсіпкерлері мен «Profilast» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өнімдерімен таныстырды.
Сонымен қатар № 57 мекемесінде комиссия отырысы өткізіліп, отырыста кәсіпкерлерді тарту, жұмыс орындарын құру туралы сұрақтар қарастырылып, ұсыныстар мен кеңестер берілді.