
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен өнімді еңбекті ынталандыруға, жастар арасында жұмысшы мамандықтарды танымал етуге және жұмысшы әулеттерінің көпжылдық дәстүрлерін нығайтуға бағытталған «Еңбекжолы» республикалық байқауын өткізу ұйымдастырылған.
«Алматы облысы білім басқармасының Қонаев қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Арна ауылындағы № 11 орта мектеп» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің физика пәнінің мұғалімі Антонина Владимировна Мықтыбаева «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша конкурсқа қатысу үшін өтінім білдірген болатын.
Осыған орай 2023 жылдың 21 қыркүйегінде конкурс қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау мерекелік іс-шарасы өткізіліп, А. Мықтыбаева еңбек өтілі ең ұзақ, марапаты ең көп әулет ретінде Алматы облысының «Еңбекжолы» өңірлік конкурсының «Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша жеңімпаз атанып, және 500 000 (бес жүз мың) теңге серитфикат және дипломмен марапатталды.
"Ұстаз бақыты — озып туған шәкірті" дегендей «Қонаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Антонина Владимировна Мықтыбаеваға қазақ елін әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін! Еліміздің өркендеуі жолында білімді де білікті ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы еңбегіңіз жана берсін деп тілек білдіреді отырып, жеткен жетістігімен құттықтайды.