
Құрметті Шеңгелді ауылының тұрғындары!
Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев, ағымдағы жылдың 27 қыркүйекте сағат 11.00-де Шеңгелді ауылының Қ. Жалайыр атындағы № 6 орта мектебінің мәжіліс залында ауыл тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мектеп ғимаратында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-qonaev/virtual-reception/1?lang=kk ) жіберулеріңізге болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта, №2 кабинетінде қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
Қонаев қаласы әкімінің аппараты