
Құрметті Қонаев қаласының - 3, 4, 5, Восточный, Гулдер, 8, 10, Арна, 12, 12 А, 12 Б, Қарлығаш, Асем-тас шағынаудандарының тұрғындары!
Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев, ағымдағы жылдың 26 қыркүйекте сағат 11.00-де қалалық мәдениет үйінде осы шағынаудандардың тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін хабарлаймыз. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды мәдениет үйінде және қалалық сервистік әкімдігінің ғимараттарында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kapshagay/virtual-reception/question?lang=ru) жіберулеріңізге болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
Қонаев қаласы әкімінің аппараты