
Құрметті Қонаев қаласының - Строитель, Алтын Алма, Заря, Заря Восток, Заря Капшагай, Капшагай Энергетик-1, Энергетик-1, Бирлесу, Связист-1 серіктестіктерінің тұрғындары!
Қонаев қаласының әкімі Нұрлан Орынбасарұлы Құматаев, ағымдағы жылдың 20 қыркүйегінде сағат 11.00-де Сейфуллин көшесі №1 орналасқан Қонаев қаласының көпсалалы колледжінің мәжіліс залында бағбандық серіктестіктерінің тұрғындарымен кездесу өткізетіндігін. Өз пікірлеріңіз бен ескертпелеріңізді және ұсыныстарыңызды осы колледждің және қалалық сервистік әкімдігінің ғимараттарында қойылған «Ұсыныстар, ескертпелер мен пікірлер үшін» деген жазуы бар арнайы жәшікке салуларыңызға болады, сонымен қатар алдағы кездесуге сұрақтарыңызбен ұсыныстарыңызды қала әкімінің ресми сайтына (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-kapshagay/virtual-reception/question?lang=ru) жіберулеріңізге болады.
Сонымен қатар, кездесуден кейін осы ғимаратта қала әкімі тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдайды.
Қонаев қаласы әкімінің аппараты