Бос орындар жәрмеңкесі Қонаев қаласында өтті

Бос орындар жәрмеңкесі Қонаев қаласында өтті

32 кәсіпорын, оның ішінде мемлекеттік мекемелер де өз бос жұмыс орындарын ұсынды. Қонаев қаласының прокуратурасының бастамасымен, қалалық мансаптық өсу орталығының ұйымдастыруымен жәрмеңкенің қорытындысы бойынша 58 ізденуші, оның ішінде 3-і мүгедек адамдар, жұмыс берушілермен байланыс деректерімен алмасты, сондай-ақ жұмысқа орналасуға жолдама алды.

Келесі Бос орындар жәрмеңкесі 18 қазанда онлайн режимінде өтеді.

Жалпы, "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба" шеңберінде мансаптық өсу орталығына 1480 адам жүгінді. Ағымдағы күнге қоғамдық жұмыстарға 377 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 28 адам жіберілді. "Күміс жас" жобасы аясында 100% жұмыспен қамту жоспарлары орындалды. "Бірінші жұмыс орны" жобасы бойынша 25 адам жұмысқа орналастырылды. Жастар практикасынан өтуге жоспарланған 50 адамның 36-сы жіберілді.

Мемлекеттік қолдаудың тиімді шаралары және жергілікті жерлерде жоспарлы жұмыс, кешегі жұмыссыздарды жұмысқа орналастырып қана қоймай, оған өз бизнесін ашуға және жұмыс берушілермен бір қатарға тұруға көмектеседі. Мәселен, Қонаев қаласының  мансаптық өсу орталығының мәліметінше, 222 адам "Бастау бизнес" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқып, сертификаттар алды. Ағымдағы жылдың қазан айында 10 адамға 400 АЕК (1380 000 теңге) мөлшерінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қайтарымсыз гранттар беру жоспарланған. Жастар арасынан 8 адам (35 жасқа дейін) 2,5% шағын несие алды.

Сәтті әлеуметтену үшін бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру да маңызды. Жыл басынан бері Қонаев қаласының мансап орталығына аталған санаттағы 29 жұмыссыз азамат жүгінді. Тұрақты жұмыс орындарына квота шеңберінде 10 адам жұмысқа орналастырылды, тағы екеуі квота шеңберінде, 1 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тағы 1 адамға квота шеңберінде тұрақты жұмыс орны берілді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жалпы қамтудан қоғамдық жұмыстарға 31 адам жіберілді, 10 - ы тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды, оның 5-і квота бойынша, тағы 16-сы кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.