
5 қыркүйек күні Шеңгелді ауылындағы №1 кітапхана-филиалының ұйымдастыруымен «Тіл - өркениеттің белгісі» атты тіл тренингі өтті. Тренингте кітапханашы кітапхана ұжымына тілге деген сүйіспеншілігін арттыруды, тіл туралы білімдерін жетілдіруді үйретті. Шара барысында ой тастау, жүйелеу, сұрақ-жауап алмасып, тапсырмалармен жұмыс жасалды.