Қалалық мәдениет үйінде Конституция күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті

Қалалық мәдениет үйінде Конституция күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті

Қалалық мәдениет үйінде Конституция күніне орай мерекелік іс-шаралар өтті

30 жылдан астам уақыт бойы Конституция еліміздің Негізгі заңы ретінде елдегі бірліктің, тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепілі болды. Ол жеке адамның құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретінде әрекет етеді, адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын таниды, бекітеді және қамтамасыз етеді.
Конституцияға сүйене отырып, ел экономикасын дамытуға, халықты сапалы қызметтермен қамтамасыз етуге, қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жаңа заңдар құрылып, қаралуда.
Залдағы қонақтарға арнаған сөзінде қала әкімінің орынбасары Марлан Жолдахмет: "Біз тәуелсіз, еркін және гүлденген елде өмір сүріп жатырмыз. Басқа өңірлермен қатар біздің Қонаев қаласы да тұрақты өсіп, дамып келеді. Біз жаңа үйлер, мектептер, балабақшалар салып жатырмыз, әлеуметтік бағдарламаларды дамытуға көп көңіл бөлінеді: жыл сайын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт салаларын қаржыландыру артып келеді. Осы жетістіктердің басты тірегі-біздің Конституциямыз".
Мемлекеттік қызметшілер қатарын толықтырған жас мамандар бүгін қазақстандықтардың игілігі үшін қызмет етуге уәде беріп, ант қабылдады.
Сондай-ақ, "Қонаев өңірінің газ желілері" ЖШС-нің "Мектепке жол" республикалық акциясы аясында мектеп директорларына халықтың әлеуметтік осал топтарындағы балаларды жаңа оқу жылына дайындау үшін сертификаттар берілді. Компания директоры Р. Жарлаевқа қала әкімінің атынан алғыс хат табыс етілді.
Іс-шараның жарқын қорытындысы Алматы облыстық филармониясының, Сүйінбай және “Алатау әуендері” ансамблі әртістерінің қатысуымен өткен концерті болды.