ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенев жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының іске асырылу барысы туралы айтып берді

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы Бақытбек Тәшенев жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының іске асырылу барысы туралы айтып берді

Тұрғындармен кездесуге Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Исатаев және Алматы облысы Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру Департаменті басшысының орынбасары Ануар Әбенов қатысты.
Өз сөзінде Б. Тәшенев «жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспары мемлекеттің қатысуын 2025 жылдың соңына қарай 14% - ға дейін қысқартуды көздейтінін атап өтті. Алматы облысы бойынша жоспар шеңберінде коммуналдық меншіктің 16 объектісін сату жоспарланған, оның ішінде: 11 объект сатылды (сомасы - 87,7 млн.теңге), 2 объект қайта ұйымдастыруға және таратуға жіберілді; 1 объект сауда - саттықта және тағы 2 объект-сату алдындағы дайындықта. Жалпы Алматы облысы бойынша Кешенді жоспардың орындалуы 81% құрады. Барлық сауда – саттық "бір терезе" қағидаты бойынша бірыңғай сауда алаңында өткізіледі және сауда-саттыққа қатысу үшін электрондық өтінімді беру – қабылдау кезеңінен бастап жеңімпазды анықтауға дейінгі барлық процестер автоматтандырылған. Бірыңғай сауда алаңында мүліктің әртүрлі түрлері бойынша сауда-саттық өткізіледі: республикалық, коммуналдық, холдингтер мен банкроттардың активтері, тәркілеу және астық қолхаттары. Оған қол жеткізу веб-портал арқылы жүзеге асырылады e-Qazyna.kz, Android және IOS жүйелерінде мобильді қосымшалар жасалды, байланыс орталығы жұмыс істейді. Веб-портал тіркеу органдарының базаларымен біріктірілген. Мұның бәрі ақпаратты өңдеу уақытын барынша азайтады, сату рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз етеді, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың көрінісін болдырмайды және пайдаланушылар үшін қолайлы жағдай жасайды» - деп қорытындылады Бақытбек Тәшенев.
Жалпы кездесудің қорытындысы бойынша қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы журналистердің сұрақтарына жауап беріп, азаматтарды жеке қабылдады.