
Қонаев қаласында жүргізілген экорейдтің алғашқы 2 сағатында аумақтарын тиісті жағдайда ұстау туралы талаптарды орындамаған 8 учаскенің иелері анықталды. Мұндай экорейдтер енді тұрақты түрде өткізілетін болады.
Қала мен өңірде экологтардың, полицияның, сондай-ақ ТЖ бөлімінің бірлескен назарын аударатын орындар да аз емес. Бұл тек табиғи полигондар туралы ғана емес, сонымен қатар қоқыстарды жинауға жерлер туралы да айтылады. Алайда, мұндай құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктің үлкен екенін ел көп біле бермейді.
Қала әкімінің орынбасары Ж.Асадинұлының, ТКШ, ПТ, АҚ және ЖИ бөлімінің басшысы Д. Қарағонысовтың, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Н. Медетовтың, Алматы облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Б. Молдахметовтың, ТЖ басқармасы бастығының орынбасары Д. Шыңдаулетов қатысуымен комиссиялық аралаудың басты мақсаты біздің қаланы ластайтын азаматтарды жауапкершілікке тарту емес, ең алдымен қаланы таза ұстау мәдениетті баулу болатын. Аумақтарында қоқыс жиналған учаскелердің меншік иелерін жедел анықтау үшін қаланың тіркеу және жер кадастры бөлімінің жерге орналастыру маманы Т. Наурзалиев тартылды.
Учаскелердің иелері ҚР ӘҚБтК 505-бабы және 324-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.
Бұл проблема ыстық және желді ауа-райының басталуымен ерекше назар аударуға тұрарлық, өйткені өрт қаупі артады. Осыған байланысты жеке сектор тұрғындарынан, өз аумағына ғана емес, көрші учаскелерге де назар аударуды сұраймыз. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, апаттың алдын алу оның салдарымен күресуден гөрі оңайырақ.