
Абаттандыру аумағының жалпы ұзындығы 5.5 км
Жобада тротуарлар мен велосипед жолдарын жайластыруды, көгалдандыруды (АВТО суару жүйесімен), спорттық және балалардың ойын-сауық конструкцияларын, амфитеатрды, пирстерді және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін коммерциялық алаңдарды орнатуды қоса алғанда, жағажайды толық қайта құру көзделген. Жағажай аймағы су қоймасына қарай кеңейеді, сондықтан тау жыныстары мен құммен толтыру қажет.
Қала әкімі Нұрлан Құматаев кезекті аралау барысында: "Егер өткен жылы қалаға 1 миллионға жуық турист келсе, биыл бұл көрсеткіш айтарлықтай артады. Біз қонақтар үшін ғана емес, жергілікті тұрғындар үшін де жағдай жасауымыз керек. Қалалық жағажайларды абаттандыру сервис деңгейін арттырады және кәсіпкерліктің дамуына оң әсер етеді".
Бұл жобаны іске асыру облыс орталығының көрнекті жерін құруға және жергілікті жердің табиғи ерекшелігін пайдалануға мүмкіндік береді. Жаңа жағажай барлық жас топтары мен санаттарына арналған ойын-сауық сценарийлерін қамтиды. Сонымен қатар, бұл орын Ironman халықаралық жарыстарының су кезеңін өткізуге мүмкіндік береді, ал судағы бірегей амфитеатр мәдени-бұқаралық іс-шараларды, спорттық жарыстарды өткізу үшін жаңа орын болады. 24 айға созылатын жобаны іске асыру кезінде қосымша 400-ден астам жұмыс орны құрылатын болады, жергілікті бюджетке күтілетін төлемдер 2 млрд теңгеден асады.