
Тұрғындардың өтініштері тұрғын үй мәселелерімен, сондай-ақ ТКШ саласы мәселелерімен байланысты болды.
Мәселен, көпқабатты үйлердің шатырын жөндеу мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып табылады, сондықтан әкімдік ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша шаралар қабылдауда. Өткен жылы 24 көпқабатты үйдің шатырына жөндеу жүргізілді, биылғы жылы тағы 30 үйді қамту жоспарлануда. Бұл ретте "тұрғын үй қатынастары туралы" ҚР Заңының 32-бабына сәйкес пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың иелері кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстау және оның ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізуді қоса алғанда, оның қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға міндетті екенін ескеру қажет. Шатырды күрделі немесе ағымдағы жөндеу үшін жұмыстарды үйдің тұрғындары сәйкесінше ағымдағы және жинақтаушы шоттарға аудару арқылы қарастыруы керек.
Тұрғын үй қорын жаңарту бағдарламасын іске асыру жалғасуда. Ағымдағы жылы Октябрьская және Графтио көшелеріндегі апатты тұрғын үйлерді бұзу жоспарланған. Аталған көшелерде орналасқан ескі үйлердегі пәтер иелері көшіріледі.
Мемлекеттік қордан тұрғын үй немесе жер учаскелерін беруге қатысты басқа да өтініштер, естеріңізге сала кетейік, автоматтандырылған және адами факторды болдырмайтын кезек ілгерілеген сайын шешіледі.
Қала әкімімен жеке кездесу үшін 8 (72772) 4-15-83 телефондары бойынша алдын ала жазылу ұсынылады. Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі мен уақыты "өзекті" бөлімінде ("жеке қабылдау" бөлімі) бекітілген.