
Республикалық турниріне "Алатау арланы" Алматы облысының іріктеу жарысы өтті.
Аталған іс-шараға Қонаев қаласынан және облысымыздың аудандарынан іріктеуден өткен 28 палуан өздерінің бақтарын сынады. Іріктеу жарысында ақтық белдесуге жеткен палуандар "Қазақстан барыс" Республикалық турнирінде облысымыздың намысын қорғайтын болады. Тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша:
1 орын - Еділбаев Мәди Қонаев қаласы (алтын медаль, алтын белбеу, бірінші дәрежелі грамота, 5 000 000 теңге ақшалай сертификат және естелік сыйлық);
2 орын - Жолтаев Нұрғали Еңбекшіқазақ ауданы (күміс медаль, екінші дәрежелі грамота, 1 000 000 теңге ақшалай сертификат және естелік сыйлық);
3 орын - Жұмахметов Әлімжан Балқаш ауданы (қола медаль, екінші дәрежелі грамота, 500 000 теңге ақшалай сертификат және естелік сыйлық).
Жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлерді құттықтаймыз.