
Ұлы Отан соғысының ардагері Битебаева Оксана Демидовнаға 9-Мамыр Жеңіс күні құрметіне бір миллион бес жүз мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек төленді.
Сонымен қатар, 8 адам Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлеріне, 172 адам тыл еңбеккерлеріне 30000 (отыз мың) теңгеден, тәжік-ауған учаскесіндегі соғыс ардагерлеріне – 41 адамға, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға бітімгерлер ретінде қатысқан Қазақстан Республикасының әскери қызметшілеріне – 76 адамға, Таулы Қарабақтағы этносаралық жанжалды реттеуге қатысқан әскери қызметшілерге – 12 адамға – 150000 (бір жүз елу мың) теңгеден, сондай –ақ бұрынғы КСР Одағын қорғау кезінде жаралануы, контузия алуы, мертігуі салдарынан немесе майданда болуына байланысты ауруы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілерге – 5 адамға -100000 (жүз мың) теңгеден біржолғы әлеуметтік көмек төленді.
«Элит» кафесінде мереке құрметіне 70 адамға тыл еңбеккерлеріне арналған мерекелік дастархан жайылып түскі ас берілді.
«Астория», «Бомбей», «Золотое руно», «Макао», «Монтана» казинолары мен «Торнадо» слот клубы, жеке кәсіпкер М.Сергебаев 70 тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысына қатысушылардың жесірлерін 9 - Мамыр Жеңіс күнімен құттықтап мекен жайлары бойынша сыйлықтар таратты (азық түлік пакеттері, торт, гүл шоқтары).